ҚР сыртқы істер министрлігі 31 наурыз күні Түркияда Қазақстан азаматының қаза болғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстамбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажет тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Ресми мәлімет бойынша, тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады.
