Жол апаты туралы айтқан заңгер қамауға алынды

Не болды?

21 наурыз күні Алматыда әл-фараби даңғылы бойында жол апаты болды. Оған құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, Алматы қаласының полиция департаменті заңгердің ұсталғанын растаған.

Азамат М.-ға қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Анықтама

Әділетхан Молдахан — азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істермен айналысатын заңгер. Оның Instagram парақшасында бір миллионнан астам оқырман бар.

Ол бұған дейін әлеуметтік желіде видео жариялап, әл-фараби даңғылы бойында Mercedes пен Zeekr көліктерінің соғысқанына құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.

Кейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оның айтуына қарағанда, егер қызметкер кінәлі болса, ең қатаң шаралар қабылданады.

Естеріңізге салайық, бұл жол апатының салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз (жалпы үш адам) қаза тапты. Zeekr көлігінің жүргізушісі қазір ауруханада жатыр.

Контекст

Алматы әкімі әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты пікір айтты.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да