Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызда өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске салайық, ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламентті «Құрылтай» деп атауды ұсынды.

Парламентті сайлау жаңа сессияның ашылуына дейін өтеді.