Бас прокуратура: Санжар Боқаев ұсталды

Не болды?

Бүгін Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату мен қоғамда теріс пікір қалыптастыру әрекеті үшін ұсталды. Ол қылмыстық-процестік кодекстің 128-131-бабы бойынша айыпталып отыр. Әлеуметтік желіде саябақ аумағында заңсыз ағаш кесу мен құрылыс нысанынан мүлік ұрлау туралы бейнематериал жариялағаны үшін күдікке ілінді.

Тергеу дерегі бойынша, Санжар Боқаев қылмыс ұйымдастырып, оны қаржыландырған. Табысы төмен адамдарға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сонымен қатар ол алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде қаржы жымқырған, — делінген хабарламада.

Санжан Боқаев былтыр Instagram әлеуметтік желісінде Алматыдағы Баум бағындағы шабылған мыңдаған ағашты көрсеткен еді. Сонымен қатар Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тасты әлдекімдер пайдасына жарату үшін әкетіп жатқанын әркерелеген.

Анықтама

Санжар Боқаев — қоғам белсендісі, саясаткер, саясаттану ғылымының докторы, Namys саяси партиясының жетекшісі, азаматтық қоғамды дамыту сыйлығының лауреаты.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр қазан айында Санжар Боқаев Алматыдағы 274 автобустың катализаторы ұрланғанын мәлімдеген еді.