Қазақстанда төленбеген айыппұл кешірілуі мүмкін

Не болды?

Қазақстанда төленбеген айыппұл кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ішкі істер министрі Ержан Сәденнің үкімет отырысында айтқан сөзіне қарағанда, рақымшылық аясында айыппұлды кешіру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл — азаматтар мен мемлекетке қауіп төндірмейтін құқық бұзу әрекеттеріне қатысты шара.

Министрдің айтуынша, мұндай адамдардың санаты, айыппұл мөлшері мен есептен шығару тәртібі заң жобасы дайындалып жатқанда анықталады. Рақымшылық аясында азаматтардың төленбеген айыппұлы толық немесе ішінара кешіріледі.

Терроризм, экстремизм мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар, кәмелетке толмағандарға қысым көрсеткендер, рецидивистер мен іздеуде жүргендер бұл тізімге кірмейді, — дейді министр.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді көшеде қоқыс тастаған адамға әкімдік айыппұл салады.