Елімізде алдағы күндері 23 градусқа дейін жылы болады

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады. Бұл ауа температурасының одан әрі көтерілуіне оң әсерін тигізеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, тек кейбір күндері елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, желкүшейеді. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+20°С-қа дейін, солтүстікте және орталықта +5…+17°С-қа дейін, ал оңтүстікте +15…+23°С-қа дейін көтеріледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да