Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижелері жарияланды

Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумда жүргізілген Exit poll нәтижелері бойынша, азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізілді. Респонденттерге «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қандай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылған.

Сауалнама 200 референдум учаскесінде жүргізілген, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Жалпы 75,3% адам қатысты.

Референдум бойынша бірінші Еxit poll нәтижелері:

  • Еуразиялық интеграция институты жүргізген Exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
  • «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген Exit poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
  • Amanat партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген Exit poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.

Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30-да және сағат 20.30-да жасалды.

Еске салайық, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтті.