Кипр Республикасында алғаш рет Қазақстанның референдум учаскесі ашылды

Не болды?

Кипр Республикасында алғаш рет Қазақстанның референдум учаскесі ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сыртқы істер министрлігінің дерегіне қарағанда, Кипр Республикасы аумағында алғаш рет №511 референдум учаскесі ашылды. Бұл учаске Кипрда жүрген Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуы үшін елшілік жанында жұмыс істеп тұр.

Қазақстан азаматтары Еуропа елдерінде, оның ішінде Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Молдова, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания және Португалияда референдум учаскелерінде дауыс беріп жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді.