Польшада жоғалған Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Польшада күмәнді жағдайда жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлі күйінде табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел кісі қолынан қаза болған.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, қылмысқа күдікті адам ұсталған.

Польшадағы Қазақстан елшілігі марқұмның туған-туыстарымен және Польша құқық қорғау органдарымен байланыста. Консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті отанына қайтару ісінде қажет көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.