Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше облыста республикалық маңызы бар жол уақытша жабылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, елдегі бірқатар автожол учаскесінде қозғалыс шектелді.

Павлодар облысы аумағында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде, сонымен қатар «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы» (82–112 шақырым) және «Атамекен — Ертіс — РФ шекарасы» (0–263 шақырым) жолдарында қозғалыс шектелді.

Ақмола облысы мен Қарағанды облысы аумағында «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының бірнеше бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар шектеу Жетісу облысы аумағындағы «Үшарал — Достық — ҚХР шекарасы» автожолының 84–164 шақырымында, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырымында енгізілді.

Бұдан бөлек, Қостанай облысы мен Ұлытау облысы аумағындағы «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының бірқатар учаскелерінде де қозғалыс шектелген.

Жол қызметтері жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарға шықпауға және жолдағы шектеулерді ескеруге кеңес береді.