Не болды?
Таяу Шығыстағы Қазақстан азаматтарын елге қайтару ісі жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам Қазақстан азаматы елге оралды.
Әуе рейстерінен бөлек, Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы шекарасы арқылы да азаматтарды эвакуациялап жатыр. Өңірдегі Қазақстанның дипломатия өкілдері жергілікті жұмысын жалғастырып, ел азаматтарымен тұрақты байланыста, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, 3 наурызда Дубайда қалып қойған қазақтардың алғашқы легі елге оралған еді.
