Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Гимнасшы Милад Карими Әлем кубогында екінші рет күміс медаль алды

Фото: Olympic.kz

Не болды?

Гимнасшы Милад Карими Әлем кубогында екінші рет күміс медаль алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлметіне қарағанда, 8 наурызда Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Милад Карими екі дүркін жүлдегер атанды. Гимнасшы кермедегі жаттығуда 15.033 ұпай жинап, күміс медаль алды.

Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орын иеленді. Анхель Барахас (Колумбия) 14.400 ұпаймен үздік үштік қатарынан бой түзеді. Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға орнықты.

7 наурызда Әлем кубогында Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Контекст

Естеріңізге салайық, 2026 жылдың алғашқы Әлем кубогында гимнасшы Нариман Құрбанов қола медаль алған еді.