Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Дубайда қалып қойған қазақтардың бірінші легі елге оралды

Фото: Kds.mid.gov.kz
FlyDubai әуе компаниясының Дубайдан шыққан бірінші ұшағы Қазақстанға қонды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Таңертеңгі сағат 8:30-да FZ1395 эвакуациялық рейсімен Дубайдан Қазақстанға 170 жолаушы жеткізілді. Алғашқы рейспен 28 ақпанда елге оралуға тиіс болған жолаушылар жеткізілген. Туристер бір-бірімен байланыста болып, ақпарат алмасып отыр.

Айта кетейік, бүгіннен бастап араб елдеріндегі қазақ туристері елге орала бастайды. Алғашқы рейстерді FlyDubai және Air Astana әуе компаниялары орындайды.

FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы және Дубай – Астана бағыттары бойынша рейстерді іске қосты. Жалпы саны 340 турист елге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Мақалаға реакция