«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше автожол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жетісу облысы
-
«Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктұма кенті — Достық станциясы) барлық көлік түрі үшін жабылды.
-
Жол 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де ашылады деп жоспарланған.
Павлодар облысы
-
«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысы
-
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.
-
Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымында (Северное ауылы — Серебрянск қаласы аралығы) қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.
Ұлттық компания жүргізушілерге жолға шығар алдында бағыттарды нақтылап, ауа райы жағдайын ескеруді ұсынады.
