Алматыда Өзбекстан Республикасының 40 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Біз қаламызда шетел азаматтарының көші-қон заңнаманы сақтауын және заңды тұрғылықты болуын қадағалаймыз. Анықталған тұлғалар көші-қон тәртібі ережелерін бұзғандықтан, заңнамаға сәйкес ел аумағынан шығарылды, – деді Алматы полиция департаменті көші-қон қызмет басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Полицияның мәліметінше, азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.
