Алматыда 2027 жылы LRT салына бастайды

Не болды?

Алматыдағы алғашқы LRT 2027 жылы салына бастайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматыда LRT желісі 2027-2029 жылдар аралығында салынады. Әзірге құрылыс жобасы талқыланып жатыр. Құжатты ашық талқылау жүйесінен жүктеп алуға болады.

Құжат бойынша, депо (LRT бағытының басталар нүктесі) Алатау ауданындағы индустрия аймағында, ЖЭО-2 аумағының шығысында, Фариза Оңғарсынова, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің аралығында орналасады. Жүйе Төле би көшесі арқылы Абылай хан көшесіне дейін жалғасып, «Алматы-2» теміржол вокзалына жетеді.

Ал LRT-ның екінші кезеңі «Барлық» көлік-ауыстыру торабы мен Бауыржан Момышұлы көшесін, «Алматы-2» вокзалы мен «Шығыс қақпасы» көлік-ауыстыру торабын байланыстырады.

Жалпы ұзындығы — 18,3 шақырым

Екі жолақты LRT желісінің жалпы ұзындығы — 18,3 шақырым болады. Желі арқылы Дарабоз, 13, Ғажайып, Нұркент шағынаудандары мен Алатау сити, Алмалы тұрғын үй кешендері қаланың орталық бөлігімен байланысуы керек.

Жалпы жабдықта 34 трамвай платформасы, оның ішінде 12 орталық типтегі, 22 бүйір типтегі платформа болады.

Анықтама

Депо — LRT-ны сақтау, жөндеу, тексеру орны және LRT бағытының басталар нүктесі.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астана LRT жүйесіне қызметкерлер қабылданып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да