Астанада 0–9 класс оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін, 24 ақпанда Астанада ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 класс оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 24 ақпанда күннің суытуына байланысты мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған шешім қабылданған. Осылайша, бірінші ауысымда білім алатын 0–9 класс оқушылары сабақтарын онлайн форматта жалғастырады.

Синоптиктердің болжамынша, 24–26 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт суытады. «Қазгидромет» дерегінше, бірқатар өңірде аяз күшейіп, жел екпіні артуы мүмкін.

Осыған байланысты ата-аналар мен оқушыларға ауа райы болжамын қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.