ОСК дауыс беру бюллетенінің үлгісін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға арналған бюллетеньнің мәтінін бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Азаматтар бюллетеньде бір ғана сұраққа жауап береді:

Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдайсыз ба?

ff6ee4510302af4d3ba9fec99a4c2966 ОСК дауыс беру бюллетенінің үлгісін жариялады
Фото: Орталық референдум комиссиясы

Жауаптың екі нұсқасы ұсынылған:

  • Иә, қабылдаймын;
  • Жоқ, қабылдамаймын.

Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумға 12 миллионнан астам азаматтың қатысуға құқығы бар.

Еске салайық, республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да