Абай облысында қар құрсауында қалған 18 адам құтқарылып, Көкпекті ауылына жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, түнгі уақытта Көкпекті ауданында, Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде жабық автожол учаскесінде алты жүк және екі жеңіл автокөлік қарға батып, қозғалысын жалғастыра алмай қалған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен барлығы 18 адам құтқарылып, Көкпекті ауылына жеткізілді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған. Анықталғандай, жүргізушілер жол қозғалысына шектеу енгізілгенге дейін аталған жол учаскесіне шығып кеткен, — делінген хабарламада.
