Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға кіре алмайды

Қазақстанда қызылшаның өршуіне байланысты бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулы қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 3 343 жағдай тіркелді, оның ішінде 84,2% (2 816 жағдай) – 14 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе екпе алмаған балалар ауырған.

Жаңа қаулы бойынша, қызылша анықталса, сол мекемеде екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке бара алмайды. Сонымен қатар балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу талаптары күшейтілді.

Ұйымдастырылған ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйымдарында қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жедел түрде қамтамасыз етіледі.

Құжат 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да