2026 жылы зейнеткерлердің табысы 14 700 теңгеге артты

2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында 2 миллион 538 мың адамға 395,2 миллион теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде 131,3 миллион теңге базалық зейнетақыға бағытталған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды.

Оның ішінде:

  • ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге;

  • базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Айта кетейік, 2025 жылы орташа зейнетақы 143 143 теңге болған. Осылайша, биыл зейнеткерлер орта есеппен 14 700 теңгеге көп төлем алып отыр.

Еске салайық, енді жұмыс істемейтін әкелердің бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі.