Олимпиада–2026: Қазақстанның 16 ақпанға арналған кестесі

16 ақпанда қысқы олимпиада аясында тоғызыншы жарыс күні басталды. Дүбірлі дода Милан мен Кортина қалаларында өтіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, бүгін Қазақстан құрамасынан алты спортшы үш спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — Тау шаңғысы, слалом (ерлер)
Қатысушы: Ростислав Хохлов

15:00 — Шорт-трек
500 м (ерлер): Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев
1000 м (әйелдер): Ольга Тихонова

23:00 — Шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев.

Еске салайық, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқы олимпиада алтынын жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да