Не болды?
FlyArystan 2026 жылы Алматыдан Құлжаға ұшатын рейстерді жалғастырады. Оған жолаушылар арасындағы жоғары сұраныс себеп. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бұл бағыт бойынша рейс 2025 жылғы мамыр айында бір маусымға арнап ашылған. Алайда жолаушылар арасындағы сұраныс жоғарғы болуына байланысты рейстер 2026 жылы да жалғасады. Әуебилетінің құны 16 800 теңгеден басталады.
Рейс аптасына төрт рет:
- сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері;
- 2026 жылғы 29 наурыз бен 23 қазан аралығында ұшады.
Ақпарат
Құлжа — Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан, Іле-Қазақ автономиялық округінің әкімшілік орталығы. Қалада ірі қазақ диаспорасы тұрады.
Бұл қала Қазақстан мен Қытай шекарасындағы маңызды көлік-логистикалық хабы. Оның Хоргосқа жақын орналасуы жеке және іскерлік сапарлар үшін ыңғайлы.
Алматыдан Құлжаға көлікпен жол жүру орта есеппен 10 сағатты алады. Ал ұшақ арқылы шамамен 1 сағатта жетуге болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, FlyArystan 2026 жылғы жазғы маусымда Ақтау – Дубай бағыты бойынша рейстерді орындауды жалғастырады.
FlyArystan 2026 жылғы 1 наурыздан бастап тегін қолжүк нормасын ұлғайтады. Жолаушылар 7 келі қолжүкпен ұша алады.
