Синоптиктер 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 2 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сонымен қатар түнгі уақытта Қостанай мен Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Осыған байланысты аталған елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да