Қазақстанда балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе балалардың психологиялық және мінез-құлықтық тәуекерлерін жүйелі түрде бақылайды, олардың дамуы мен эмоционалдық жағдайын динамикада тіркейді және қажет болған жағдайда үздіксіз қолдауды ұйымдастырады.
Министрліктің мәліметінше, платформаның негізгі функциялары:
-
Білім беру ұйымдарында балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға педагог-психолог сағатын енгізу;
-
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған арнайы көмек кабинеттерін ашу;
-
Педагог-психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қайта қарау;
-
Мамандардың біліктілігін міндетті түрде арттыру;
-
Кейс-менеджмент институтын дамыту, бұл балалар мен отбасыларды кешенді сүйемелдеудің негізгі қатысушысына айналдырады;
-
Қылмыстық процесс аясында зардап шеккен балалар мен зорлық-зомбылықтың куәгерлерін сүйемелдеуде психологтардың міндетті қатысуын қамтамасыз ету.
Министрлік платформаның енгізілуі әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
