Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

  • Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.
  • 2000-2014 жылдары банк саласында жұмыс істеді.
  • 2014 жылы – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарушы.
  • 2014-2021 жылдары – ҚР ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
  • 2021-2022 жылдары – ҚР президенті әкімшілігі қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.
  • 2022-2023 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесінің, ҚР үкіметі аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
  • 2023-2024 жылдары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы.
  • 2024-2025 жылдары – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Айта кетейік, осыған дейін министр болған Светлана Жақыпова қызметінен босатылды.