Су айдынындағы қауіпсіздік ережесін бұзғандар айыппұл төлейді

Алматының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға Үлкен Алматы өзеніндегі бөгет маңында қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті.

Департаменттің мәліметінше, ауа райының тұрақсыздығына байланысты мұздың беріктігі төмен, сондықтан ол жарылып, адамдардың суға құлап кету қаупі бар.

ТЖД атап өткендей, әсіресе құтқару бекеттері жоқ, жедел көмек көрсету мүмкіндігі шектеулі аумақтар аса қауіпті. Департамент пен полиция департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізген.

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл мөлшері — 7 АЕК немесе 27 524 теңге. ТЖД тұрғындарды мұз айдындарына шықпауға шақырады, — делінген хабарламада.