FlyArystan ұшағы Оралдан Алматыға ұшып бара жатқанда құстарға соғысты

FlyArystan 2026 жылғы 24 қаңтарда Алматы – Орал бағыты бойынша орындалған FS7167 рейсі кезінде құстарға соғысты.

Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясы хабарлап отыр.

Ұшақ Орал әуежайына қонған соң, ұшақ пен оның компоненттерін инспекциялауға Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберілді. Барлық тексерулер аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат етіліп, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша ұшып шықты. Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ берілді, сонымен қатар 33 жолаушыға сұраныс бойынша қонақүйде орналастырылды, — делінген хабарламада.

FlyArystan жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі әуекомпания үшін басты басымдық екенін атап өтті. Барлық қабылданған шаралар авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына толық сәйкес жүзеге асырылған.

Сонымен қатар әуекомпания құстарға соғысудың тасымалдаушыға тәуелсіз сыртқы факторларға жататынын мәлімдеп отыр.