Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Магнитудасы 4,3: Алматы маңында жер сілкінді

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
2026 жылғы 22 қаңтарда қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлап отыр.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3, энергетикалық класы 9,6 ретінде тіркелген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Мақалаға реакция