«ҚазАвтоЖол»: Қостанай мен Павлодарда жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы автожолдардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты.

2026 жылғы 26 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктер үшін «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8–218 шақырым аралығы, яғни Тобыл қаласынан Октябрьское ауылына дейінгі бөлігі уақытша жабылды.

Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі, Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол уақытша жабылды.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.