«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты.
2025 жылғы 21 қаңтар сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі уақытша жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жолдарда қозғалыс шектелді.
Қазіргі таңда Астана бағытына қатынас «Қалқаман – Ақсу» бағытындағы «Береке» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Ал Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне кіру «Баянауыл» көлік айрығы арқылы қамтамасыз етіледі.
