Синоптиктер 26 қаңтарда Қазақстанның бірқатар қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті.
Мамандардың мәліметінше, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында, сонымен қатар түнгі уақытта Астана мен Қостанайда ауаның ластануына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді факторлармен байланысты. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Осыған байланысты елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін. Синоптиктер тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ жүрмеуге және денсаулыққа мұқият болуға кеңес береді.
