Президент елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандар:
- Имандосов Самұрат Жұманұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы.
II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандар:
- Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы;
- Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы,
- Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – парламент мәжілісінің депутаты;
III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғандар:
- Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы;
- Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы;
- Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы;
- Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
«Парасат» орденімен марапатталғандар:
- Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – парламент мәжілісінің депутаты;
- Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы;
- Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы;
- Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы;
- Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты;
- Пономарёв Сергей Михайлович – парламент мәжілісінің депутаты;
- Сайыров Ерлан Бияхметұлы – парламент мәжілісінің депутаты;
- Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы;
- Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – Atameken Business Media Holding ЖШС бас директоры, Астана қаласы;
- Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы;
- Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы;
- Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы.
«Ел бірлігі» орденімен марапатталғандар:
- Дементьева Наталья Григорьевна – парламент мәжілісінің депутаты.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
- Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы;
- Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы;
- Әскеров Эмин Халилұлы – «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы;
- Базартай Жандос Нұртайұлы – Amanat партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;
- Борашов Раббим Байбозұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
- Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы – «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы;
- Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты;
- Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы – «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы;
- Сарыбай Серік Әбікенұлы – жазушы, Жетісу облысы;
- Сәдуақасов Серік Тельманұлы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
- Тау Сырымбек – кәсіпкер, Алматы қаласы;
- Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы;
- Шаталов Никита Сергеевич – парламент мәжілісінің депутаты.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
- Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы;
- Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы.
«Шапағат» медалімен марапатталғандар:
- Пак Елена Владимировна – «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілгендер:
- Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы;
- Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы.
