Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін қысқы олимпиада ойындарына тағы төрт жолдама иеленді. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлап отыр.
Биатлоннан 2025–2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына төрт олимпиадалық квота берілді. Осылайша, Милан–Кортина ойындарында еліміздің атынан екі ер және екі әйел спортшы сынға түседі.
Айта кетейік, бұл жолдамалар нақты спортшыларға емес, ұлттық федерацияның еншісіне берілген. Олимпиадаға кімдердің баратынын алдағы уақытта Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі ресми түрде жариялайды.
Қазіргі таңда Қазақстан келесі спорт түрлері бойынша олимпиада лицензияларына ие:
-
Конькимен жүгіру (12 лицензия)
Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко -
Шорт-трек (тоғыз лицензия)
Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан -
Мәнерлеп сырғанау (екі лицензия)
Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина
Олимпиадалық лицензияларға қатысты қорытынды ақпарат қаңтар айының соңында белгілі болады.
Еске салайық, XXV қысқы олимпиада ойындары 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
