Қасым-Жомарт Тоқаев банк саласына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
