Шымкенттен Санкт-Петербургке тікелей әуе рейсі ашылады

Не болды?

SCAT әуе компаниясы Шымкент – Санкт-Петербург бағыты бойынша тікелей рейс ашады. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәлімет

SCAT Ресейдің солтүстік астанасына 2026 жылғы 1 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері ұша бастайды. Билет бағасы 105 000 теңгеден басталады. Оны Scat.kz сайтынан, авиакассадан және онлайн-сервис арқылы сатып алуға болады.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:

  • виза рәсімдеу қажет емес, жеке куәлік болса, жетеді;
  • ұшуға 72 сағат қалғанда Мемқызмет RuID арқылы QR-код алу қажет.