«Иманов және Брусиловский көшелері қиылысында 20-21 мамыр аралығында 10 КВ электр кабелі тартылады. Иманов көшесін жабудың бірінші кезеңі Жұбанов көшесі учаскесінен Брусиловский көшесіне дейін 20.05.2017 сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін жалғасады. Екінші кезеңде Брусиловский көшесі Кенесары көшесі учаскесінен Иманов көшесіне дейін 21.05.2017 сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жабылады, — деп жазылған Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қалалық ІІД елорда тұрғындары мен қонақтарына жолдағы кептелістерге тап болмас үшін жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
