Қар мен боран: Ақмола, СҚО және өзге өңірлерде жол жабық

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы жолдардың қазіргі ахуалы туралы ақпарат таратты.

Компания мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Қай өңірлерде жол жабық?

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы (341–473 км);

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолы (61–196 км);

  • KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолы (729–856 км);

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы (595–796 км).

Қостанай облысында:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы (108–232 км).

Ақмола облысында:

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы (537–595 км);

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы (18–341 км аралығы);

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолы (0–61 км);

  • «Жақсы – Есіл – Бозылдық» автожолы (0–82 км);

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы (856–1002 км).

Ақтөбе облысында:

  • «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы (11–337 км).

Атырау облысында:

  • осы бағыттың 337–346 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз кенті).

Шығыс Қазақстан облысында:

  • Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.

Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы көпір құрылымының зақымдануына байланысты уақытша жабылды. Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жолда қозғалыс шектелген.