Алматыда дәстүрлі президент шыршасы өтті

Алматыда дәстүрлі президенттің жаңажылдық шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңажылдық кешке 300 бала шақырылды. Олардың қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер, ерекше білім беру қажеттігі бар балалар, сонымен қатар оқу, спорт және шығармашылық саласында жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жас қонақтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, оқуда табыс және армандарының орындалуын тіледі.

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Мереке соңында барлық қатысушыларға жаңажылдық сыйлықтар табысталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да