Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады.
46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
