2026 жылғы қаңтар айында Қазақстан азаматтары 12 күн демалады.
Жаңа жыл мен Рождество мерекесіне байланысты бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін демалыс кестесі әртүрлі болады.
Қазақстанда Жаңа жыл мерекесінің ресми демалыс күндері 1 және 2 қаңтар деп белгіленген. Алайда күнтізбелік демалыс күндерін ескергенде, қаңтардың алғашқы аптасындағы демалыс уақыты ұзарады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
-
Демалыс күндері (Жаңа жыл):
1, 2, 3 және 4 қаңтар (бейсенбі – жексенбі) -
Жұмыс күндері:
5 және 6 қаңтар (дүйсенбі – сейсенбі) -
Демалыс күні (Рождество):
7 қаңтар (сәрсенбі)
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
-
Демалыс күндері (Жаңа жыл):
1 және 2 қаңтар (бейсенбі – жұма) -
Жұмыс күні:
3 қаңтар (сенбі) -
Демалыс күні:
4 қаңтар (жексенбі) -
Жұмыс күндері:
5 және 6 қаңтар (дүйсенбі – сейсенбі) -
Демалыс күні (Рождество):
7 қаңтар (сәрсенбі)
