Бүгін, 18 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында Алматының бас шыршасы жағылады.
Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік кештің сахнасында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, дәлірек айтсақ, Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, ASTRA тобы, Kodi сияқты әншілер өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.
