Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық автомобиль өткізу пункттері екі күнге жабылады. Қазақстан 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Осыған байланысты 16 және 17 желтоқсанда ЕАЭО кедендік шекарасының Қазақстан — Қытай учаскесіндегі автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, — деп ескертті Ресей федералды кеден қызметі.
Мереке кезінде жабылатын кеден бекеттері:
- Бақты — Абай облысы;
- Майқапшағай — Шығыс Қазақстан облысы;
- Достық және Нұр Жол — Жетісу облысы;
- Қалжат — Алматы облысы.
Ал Жетісу облысындағы Достық және Алтынкөл теміржол өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді.
