БҚО-да жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы тұрғынды қолға түсірді.
Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.
Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.
