Қазақстанда Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 2025 жылғы 16 желтоқсанда, яғни сейсенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.
Айта кетерлігі, жұмыс күндері ХҚО-лар, сонымен қатар мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Ал сенбі күні өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады, – делінген хабарламада.
