Гуаңжоу – Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды

Гуаңжоу – Алматы бағытындағы халықаралық әуе рейсінде жолаушы әйел қайтыс болды. Бұл туралы көліктегі ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Оқиға 2025 жылғы 11 желтоқсанда болған. Әлеуметтік желілерде таратылған деректерде жолаушының бортта жағдайы нашарлап, медициналық көмек көрсетілгенімен, аман қалмағаны айтылады.

Алматы қаласы әуежайындағы Линиялық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала қорытынды бойынша өлім себебі — созылмалы ауру. Қосымша мән-жайлар зерттеліп жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер тергеу мүддесіне орай жарияланбайтынын атап өтті.