2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңарып, кеңейеді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жаңартылған тізімге енгізілген азаматтар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмектер мен зертханалық талдауларды ала алады.
Жаңа тізімге мына аурулар кіреді:
-
ВИЧ-инфекция
-
Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы
-
Қатерлі ісіктер
-
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
-
Алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі
-
Жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары
-
ОЖЖ демиелинизациясы
-
Сирек кездесетін аурулар
-
Эпилепсия
-
Инсульт (бір жылға дейін)
Денсаулық сақтау саласының мәліметінше, тізімнің жаңартылуы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді жақсартып, науқастарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған.
