БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады.
Орташа есеппен, шекті мөлшерлемелер жасына байланысты 3,72 миллион теңгеден 10,7 миллион теңгеге дейін өсті.
20 жастағы азаматтар үшін бұл көрсеткіш 3,72 миллион теңгеге, 30 жастағылар үшін 5,12 миллион теңгеге, ал 40 жастағылар үшін 6,72 миллион теңгеге жетті.

БЖЗҚ мәліметінше, 2026 жылға арналған мынадай әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш қолданылған:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
БЖЗҚ 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10% өскенін, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сай келетінін жазып отыр.
