Не болды?
Қазақстанның 10 әуежайына 2027 жылға дейін жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру жүйесі енеді. Бұл туралы үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.
Мәлімет
Көлік министрлігі мен цифрлық даму министрлігі көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекітті. Құжат бойынша, еліміздегі 10 халықаралық әуежайда биометриялық сәйкестендіру жүйесі іске қосылады.
Ростислав Коняшкиннің айтуына қарағанда, бұл шекарадан өту уақытын қысқартуға, жүк пен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматы әуежайында нәрестелерді әкетпек болған шетел азаматтары ұсталды.
Алматы әуежайы әлемдік деңгейдегі авиациялық хабқа айналады.
