Не болды?
Тараз бен Шымкент қалаларында жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Мәлімет
6 желтоқсан түнгі 02:04-те Өзбекстанның Наманган облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағы Ташкенттен 135 км оңтүстік-шығыста, 17 км тереңдікте.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыдан 277 шақырым аумақта жер сілкінген еді.
